Accessibility links

Трамп: Қарусыздануға келіссе, Солтүстік Корея басшысын қорғауға уәде береміз


Ким Чен Ын және Дональд Трамп
Ким Чен Ын және Дональд Трамп

АҚШ президенті Дональд Трамп егер Солтүстік Кореяның басшысы Ким Чен Ын ядролық қарусыздануға келіссе, оны "қорғауға" уәде ететінін айтты. Бірақ егер келісімге келе алмаса, оның салдары күрделі болуы мүмкін екенін ескертеді.

“Ким ерекше мықты кепілдіктерге ие болады” деді Трамп. Ол АҚШ-тың Солтүстік Корея режимін құлатуға қатысты қандай да бір акцияларға қатыспайтынын, керісінше, оған үлкен экономикалық көмек беретінін атап көрсеткен.

АҚШ президентінің бұл мәлімдемесі Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын мен Трамп арасында жоспарланған кездесулер болмауы мүмкін екені белгілі болған соң жарияланды.

Трамп ұлттық қауіпсіздік бойынша көмекшісі Джон Болтонмен Солтүстік Корея мәселесі бойынша ортақ мәмілеге келе алмаған. Болтон АҚШ 2000-ші жылдардың басынан бастап, "ядролық жобаларын жапты" деп асығыс шешім қабылдап, Ливияға қарсы санкцияларды кері қайтарды. Дәл осындай жағдай Солтүстік Кореямен қайталануы мүмкін деп мәлімдеген.

“Бұл мүлде басқа жағдай. Ливияға біз қауіпсіздік бойынша ешқандай кепілдік берген жоқпыз” деді Трамп. Оның айтуынша, егер АҚШ пен Солтүстік Корея қарусыздану бойынша келісімге келе алмаса, “ливиялық модель” сол кезде жүзеге асуы мүмкін.

Дональд Трамп сонымен бірге егер Солтүстік Корея жетекшісі соңғы сәтте кездесудің мағыздылығына күмән келтірсе, оның күмәнін сейілту үшін Қытай көмектеседі деп үміттенетінін жеткізген.


15 мамырда Пхеньян ресми мәлімдеме жариялап, 12 маусымға жоспарланған АҚШ-Солтүстік Корея саммитінен бас тартуы мүмкін екенін хабарлаған еді. Пхеньянның мәлімдеме жасауына АҚШ пен Оңтүстік Кореяның біріккен әскери жаттығуы себеп болған.

XS
SM
MD
LG