Accessibility links

Ресей сыртқы барлау қызметінің бұрынғы тыңшысы Сергей Скрипальды Солсбери ауруханасынан шығарды. Бұл туралы Ұлыбританияның денсаулық сақтау ұлттық қызметі (National Health Service) хабарлады.

Наурыздың 4-і күні Ұлыбританияның Солсбери қаласында Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлия Скрипаль ес-түссіз күйде табылған еді. Лондон олардың совет ғалымдары жасап шығарған “Новичок” атты жүйкені зақымдайтын заттардан уланғанын айтқан мәлімдеген. Британдық арнайы қызмет өкілдері у Ресейде шыққан деген болжам жасаған. Ал Мәскеу мұны жоққа шығарады.

Скрипальға шабуыл Батыс елдері мен Ресей арасында қарым-қатынасты нашарлатып жіберді. Шамамен 30 ел Ұлыбританияға ынтымақтастықтың белгісі ретінде Ресей дипломаттарын еліне қайтарған. Ресей де оған жауап ретінде батыс дипломаттарын елдеріне жібере бастады.

Бұған дейін Ресейдің сыртқы істер министрлігінің өкілі Мария Захарова удың Ұлыбритания, Словакия, Чехия және Швецияда өндірілуі мүмкін екенін айтқан. Чехия президенті Милош Земан өз елінде “Новичок” классына жататын А-230 заты шығарылғанын мәлімдеді. Әйткенмен кейінірек Чехияның арнайы қызметі мен үкіметі “Новичок” классына жататын улы заттың елде өндірілмегенін және сақталмағанын айтты. Олардың айтуынша, А-230 уын Чехияның қорғаныс министрлігіне қарасты ғылыми-зерттеу институтында сынақ үшін ғана өте аз көлемде пайдаланған, бірақ бұл өндіріске жатпайды.

AzattyqTV

Денис Тен өліміне қатысы екі күдікті ұсталды
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:09 0:00
XS
SM
MD
LG