Accessibility links

Шымкент әкімдігі жер митингісін өткізуге рұқсат етпеді


Оңтүстік Қазақстан облысының картасы.
Оңтүстік Қазақстан облысының картасы.

Шымкент қаласының әкімдігі жергілікті азаматтық белсенділерге 21 мамыр күні Жер заңына қатысты митинг өткізуге рұқсат етпеді деп хабарлайды Азаттыққа «Қадірменді қариялар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шаруа Пірмат.

Шаруа Пірматтың айтуынша, 10 мамыр күні белсенділер әкімдіктен халықтың "Қазақстан жері ешкімге сатылмасын, шетелдіктерге жалға да берілмесін" деген талабы орындалмағандықтан талап-тілектерін тағы да білдіру үшін митинг өткізуге рұқсат сұраған. Әкімдік митинг өткізетін жерлерде “Астананың 20 жылдығына орай, ашық спорт сабақтарының өтетінін” айтып, рұқсат бермеген.

- Әкімдік халықтың сөзін тыңдағысы жоқ. Рұқсат бермеуіне байланысты Әл- Фараби аудандық прокуратурасына шағым түсіруге барып едім, қабылдамай сотқа сілтеді. Сотқа арыз тастадық, - деді Шаруа Пірмат.

Қазақстан заңы бойынша, азаматтар бейбіт жиын өткізу үшін жергілікті биліктен рұқсат алуы тиіс. Әйткенмен Қазақстан қол қойған азаматтық және саяси құқық туралы халықаралық пактіге сәйкес, митинг өткізетіні туралы билікке ескертуі ғана жеткілікті.

Бүгін Астана әкімдігі де жергілікті белсенділерге жер митингісін өткізуге рұқсат бермеген.


XS
SM
MD
LG