Accessibility links

АҚШ: мектептегі он адамның қазасына күдіктіге айып тақты


Қауіпсіздік күштері қызметкерлері атыс болған мектептің жанында жүр. Техас, АҚШ, 18 мамыр 2018 жыл.

АҚШ-тың Техас штатындағы Санта-Фе қаласында жұма күні мектепке жасалған қарулы шабуылға күдікті ретінде ұсталған 17 жастағы Димитриос Пагуртзиске адам өлтіру қылмысы бойынша ресми түрде айып тағылды. Галвестон округі шерифінің кеңсесі мектепке жасалған шабуылдан он адамның қаза тапқаны туралы ақпаратты растады.

"Күдікті окург түрмесіне жеткізілді. Ол кепілге босату құқығын пайдалана алмайтын күдікті ретінде тұқындалған. Оған қосымша айыптар тағылуы мүмкін", - деп мәлімдеген шериф Харрис Эд Гонсалес.

Полиция дерегінше, қарулы қылмыс салдарынан мерт болғандар арасында мектептің 9 шәкірті мен бір мұғалім бар. Тағы он адам (арасында бір полиция офицері бар) зардап шеккен. Полицияның бұл қылмысқа қатысы болуы мүмкін деген күдікпен екі адамнан жауап алғаны туралы хабарланды.


Қарулы шабуылдан кейін әлеуметтік желілерде "мектептің қасынан жарылғышқа ұқсайтын заттар табылғаны" туралы ақпарат тараған. Бірақ полиция бұл ақпаратты ресми түрде растаған жоқ.

Мектептегі шабуылға байланысты баспасөз мәслихатында Техас штатының губернаторы Грег Эббот күдікті мылтық және 38-калибрлі револьвер қолданғаны туралы хабарлаған.

Бірге оқыған жастар Димитриос Пагуртзисті "тыныш, көзге түсе бермейтін" оқушы ретінде сипаттаған. Ол мектепте футбол командасында ойнаған.

АҚШ президенті Дональд Трамп мектептегі шабуылдан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.

Бұл жыл басынан бері АҚШ-та мектепке жасалған екінші қарулы шабуыл. Биыл ақпанның 14-і күні Поркленд қаласындағы мектепте 17 адам оққа ұшқан. Ол қылмысқа күдікті ретінде осы мектептің 19 жастағы бұрынғы оқушысы ұсталған.

AzattyqTV

Көшпенділер ойынына асық шабандоз қыз
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:51 0:00
XS
SM
MD
LG