Accessibility links

Германияда атыстан екі адам қаза болған


Германиялық полиция көліктері. (Көрнекі сурет.)
Германиялық полиция көліктері. (Көрнекі сурет.)

Германияның Саарбрюккен қаласында сенбі күні болған атыс барысында екі адам өлген. Билік орындары бұл оқиғаға күдікті адам ұсталғаны туралы хабарлады. Полицияның ресми өкілінің айтуынша, қолға түскен күдікті мен қаза тапқан екі адам – бір отбасының өкілдері.


Мамырдың 19-ы күні жергілікті басылымдар Бребах-Фехинген ауданында белгісіз біреу көшеде кетіп бара жатқан адамдарға бейберекет оқ атқаны туралы хабарлаған. Полиция ол ақпаратты растамаған. Германияның Saarlaendischer Rundfunk қоғамық телеарнасы бірнеше адамның жараланғаны туралы ақпарат таратқан. Ол оқиғаның мән-жайы әзірше белгісіз.

XS
SM
MD
LG