Accessibility links

БАҚ: Абрамовичтің британдық визасының мерзімін ұзартпаған


Ресейлік миллиардер Роман Абрамович.
Ресейлік миллиардер Роман Абрамович.

Ресей миллиардері Роман Абрамовичке британдық инвестор ретінде берілген визаның жарамдылық мерзімін ұзартпай қойған деген ақпарат тарады. Бұл туралы оның төңірегіндегі дерек көздеріне сілтеме жасап ресейлік Bell жаңалықтар сайты хабарлады.

Басылым дерегі бойынша, визаның мерзімі осыдан үш апта бұрын біткен. Ресми орындардың миллиардерге жаңа мерзімге виза беруден бас тартқаны туралы ақпарат жоқ. Алайда, деп жазады Bell, Абрамовичтің ұшағы соңғы рет Лондонда өткен айдың басында болған.


Сайттың жазуынша, ресейлік миллиардердің "Челси" футбол клубы "Манчестер Юнайтед" командасын ұтқан сенбі күнгі Англия Кубогы финалына Абрамовичтің қатыспауына да виза мәселесі себеп болуы ықтимал.

Бұған дейін Ұлыбритания ішкі істер министрі Эмбер Радд ауқатты ресейліктерге берілген жүздеген визаларды тексеру басталғаны туралы мәлімдеген. Лондонның мұндай шара қабылдауына биыл наурыздың басында Ұлыбританияның Солсбери қаласында Ресей сыртқы барлау қызметінің бұрынғы офицері Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлияға жасалған қастандық оқиғасы себеп болған.

XS
SM
MD
LG