Accessibility links

Помпео: АҚШ Иранға қаржылық қысым жасайды


АҚШ-тың мемлекеттік хатшы Майк Помпео
АҚШ-тың мемлекеттік хатшы Майк Помпео

21 мамырда Вашингтонда АҚШ-тың Иранға қатысты жаңа стратегиясы туралы өткен жиында Мемлекеттік хатшы Майк Помпео Иранның агрессиясын басу үшін Пентагонмен және одақтастарымен жұмыс істейтінін айтты. Помпео "Иранға бұрын-соңды болмаған қаржылық қысым көрсетеміз" деді.

Помпеоның сөзінше, Иранға қарсы санкцияларды жеңілдету үшін Тегеран ядролық саясатын өзгертуі қажет. Мемлекеттік хатшы "АҚШ Иранға қатысты жаңа қадамдарға ашық" екенін де айтты.

АҚШ Иран Сириядан әскерін шығаруды да талап етеді. Помпео "Вашингтон Иран тұтқында ұстап отырған АҚШ азаматтарын елге қайтару үшін бәрін жасайды" деді.

8 мамырда АҚШ президенті Дональд Трамп арнайы мәлімдеме жасап, Вашингтон Иран келісімінен шығатынын мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG