Accessibility links

Эди қоры: Карачиде 65 адам ыстықтан қайтыс болды


Пәкістанның Карачи қаласы, 6 наурыз 2018 жыл
Пәкістанның Карачи қаласы, 6 наурыз 2018 жыл

Пәкістанның ең ірі қаласы Карачиде болып жатқан қатты ыстық ауа райынан соңғы үш күнде 65 адам қайтыс болған. Қолайсыз ауа райымен қатар қалада электр жарығы сөніп, мұсылмандар үшін қасиетті саналатын Рамазан айында тұрғындардың ораза ұстауын қиындатып жіберген.

21 мамырда Карачиде температура деңгейі 44 градусқа дейін көтерілген. Қаладағы мәйіттер мен жедел жәрдем көрсету бойынша қызмет көрсететін жергілікті Эди қорының жетекшісі Файзал Эди әсіресе, Карачидің ең кедей аудандарында адамдар көп өлгенін айтады. Оның айтуынша, бұл аудандарда шамамен 15 миллионнан астам адам тұрады.

- Соңғы үш күннің ішінде 65 адам қайтыс болды. Көрші дәрігерлер олардың ыстыққа шыдамай, көз жұмғанын айтты, - деді Эди Reuters агенттігіне.

Әйткенмен Синдх провинциясының денсаулық сақтау мәселесі бойынша хатшысы Фазлуллах Печухо адамдардың ыстықтан өлгенін жоққа шығарған.

2015 жылы болған қатты ыстық ауа райының салдарынан мәйітханалар мен аураханаларда орын қалмай, кемінде 1200 адам көз жұмған. Өлгендердің көбі егде, науқас және үйсіз-күйсіз адамдар болды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG