Accessibility links

ФСБ Қырым татарларын экстремизм бойынша айыптайды


Қырым татарлары. Көрнекі сурет

Ресейдің федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) Қырым татар белсенділерін экстремистік әрекеттерімен Киевті қолдап отыр деп айыптады. 21 мамырда жарияланған ФСБ мәлімдемесінде "өзара астыртын әрекет жасады" деп айыпталған топқа Украина радасының депутаты Мустафа Джемилевтің көмекшісі Ерол Велиев жетекшілік еткен деп жазылған. Онда Велиев басқарған топтың Ресейде "Украинаның арнайы қызмет органдарымен байланысы бар" деп экстремистік танылған топ - қырым-татар меджилисінің төрағасы Рефат Чубаровтың тікелей бұйрығымен әрекет жасағаны баяндалған.

Ал Киев мұны ФСБ-ның кезекті "қиялы" деп атаған.

Құқық қорғау ұйымы мен батыс елдері Мәскеудің 2014 жылы Қара теңіз түбегін жаулап алуына қарсылық танытқан Қырым татарлар азшылық топ өкілдерін қуғындауды айыптады.

Татарлар Қырымның 2 миллион халқының 15 пайызын құрайды. Қырым татарлары Ресейдің 2014 жылы наурызда түбекті заңсыз басып алып, Украинадан аннексиялағанына ашық қарсылық білдірген. Қырымда Ресей қолдайтын басшылық билік орнатқан соң татарлар өздерінің қудалауға ұшырап, мектепте татар тіліндегі сыныптардың жабылып жатқанына және ресейшіл билік тарапынан өздеріне деген сенімсіз көзқарас қалыптаса бастағанына шағымданған.


ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNews 14.12.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:50 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG