Атырау қаласында екі жасөспірім көпқабатты үйдің 15-ші қабатынан шахтаға құлап, мерт болды деп хабарлайды қалалық азаматтық қорғау басқармасы. Оқиға Алмагүл шағын ауданында 21 мамыр түнде болған. Ресми ақпаратта оқиға кездейсоқ апат деп сипатталады.
- Байқаусызда жүк лифтісінен шахтаға құлап, бірі - 14 жастағы жасөспірім көз жұмды. Екінші жасөспірім кейінірек облыстық аурухананың реанимация бөлімінде қайтыс болды, - деп хабарлады басқарма.
Жүк лифтісі істемей тұрған. Тұрғындардың айтуынша, шахтада лифт жоқ, есіктері дәнекерленіп тасталған. Оқиғаға қатысты тергеу басталды.
Өткен айда Ақтөбе облысында лифтісі тозған көпқабатты үйде журналист Айзат Әбдісамат қайтыс болған. Бұл оқиғадан соң Ақтөбе билігі бірқатар тексерулер бастаған.
ПІКІРЛЕР