Accessibility links

"Жамағатшылар" үкімі өзгеріссіз қалды


Қарағанды облыстық сотының ғимараты. Қарағанды, 28 маусым 2015 жыл.
Қарағанды облыстық сотының ғимараты. Қарағанды, 28 маусым 2015 жыл.

Қазақстанда сотпен тыйым салынған "Талиғи Жамағат" ұйымына қатысы бар деген айыппен үш жылға бас бостандығынан айырылған қарағандылық үш азаматтың аппеляциялық шағымы қаралып, бұған дейін шыққан үкім өзгеріссіз қалды.

Сотталушылар кінәсіз екендерін, үкімді бас бостандығынан айырмайтын жазаға ауыстыруды сұраған. Бірақ Қарағанды соты олардың бұл шағымын қанағаттандырмады. Тек бұған дейінгі сот шығындарына жұмсалған қаражатты 200 мыңға қысқартып, мемлекетке төленетін соманы 800 мың теңгеге дейін қысқартты. Сотқа айыпталушылар қатыспады. Отырыста олардың адвокаттары болды.

Аппеляциялық шағымды қарау кезінде мемлекеттік айыптаушы үкімді өзгеріссіз қалдыруды сұрады. Бірінші сот отырысында прокурор айыпталушыларға үш жарым жыл жаза кесуді сұраған.

Айыпталушылар пәтерге жиналып, намаз бен діни кітаптар оқығандарын, аталған ұйымға өздерінің қатыстары барын тергеу кезінде білгендерін мәлімдеген.

Тергеу мен айыптаушылардың болжамынша, сотталушы Қазбек, Марат және Тасқали үшеуі танысқан кезде "Таблиғи жамағат" ұйымының қызметіне Қазақстанда әлі тыйым салынбаған. Бірақ 2013 жылы Қазақстан соты ұйымды "экстремистік қозғалыс" деп танып, қызметіне тыйым салғанына қарамастан, үшеуі "оған мүше болып қалған, идеологиясынан бас тартпаған әрі ұйым қатарына жаңа адамдарды тартуды жалғастыра берген".

Оқи отырыңыз: "Жамағатшылар" сотының шешімі асығыс шықты

Бірінші сот отырысында сотталушыларға "Таблиғи Жамағат" ұйымы жайында құзырлы органдар тарапынан ескерту берілгенін, бірақ олар оны ескермегенін айтылған.

Сот 39 жастағы Қазбек Л, 37 жастағы Марат К. және 36 жастағы Тасқали Н. үшеуін "Қоғамдық немесе дiни бiрлестiктiң не ұйымның экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметiне соттың тыйым салуы немесе таратуы туралы шешiмiне қарамастан қызметiн ұйымдастыру" бабы бойынша айыпты деп тапқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG