Accessibility links

AI Өзбекстанға 14 жылда бірінші рет бара жатыр


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Amnesty International (AI) халықаралық адам құқығын қорғау ұйымы 14 жылдық үзілістен кейін Өзбекстанға ресми сапармен алғаш рет бара жатыр. AI таратқан мәлімдемеге сәйкес, күтпеген жерден рұқсат алып, шұғыл шақырылған делегация құрамындағы ұйымның Орталық Азия бойынша жетекшісі Мари Струтерс пен орынбасары Денис Кривошеев 22-25 мамыр күндері үкімет мүшелерімен және азаматтық белсенділермен кездеспек.

Струтерс соңғы бір жарым жылда Өзбекстанда бұрынғымен салыстырғанда адам құқықтары ахуалының жақсарғанын, бірақ кейбір саяси тұтқындарды босатқан соң оларды толық ақтау бойынша мәселелер бар екенін мәлімдеген.

Оқи отырыңыз: AI Трамп-Мирзияев кездесуінде адам құқығы сөз болады деп үміттенеді

"Өзбекстандық биліктің халықаралық құқық қорғау қауымдастығымен диалогты жаңғыртуға әзірлігін құптаймыз. Бұл елдегі бұрынғы және қазіргі адам құқықтарына қатысты ахуалды талқылауға ниеттіміз" деп мәлімдеген Струтерс.

Amnesty International өкілдері соңғы рет Өзбекстанға 2004 жылы "өлім жазасын алып тастауға" қатысты өткен конференцияға барған.

2016 жылы Өзбекстанды ұзақ уақыт билеп келген Ислам Каримов қайтыс болған соң сол кездегі премьер-министр Шавкат Мирзияев президент болып сайланған. Содан бері елдің прокуратурасы мен қауіпсіздік қызметінің бірқатар жетекшісі қылмыстық жауапқа тартылып, бірнеше белгілі саяси тұтқын босатылған.

Көре отырыңыз: Президент Мирзияев өзбек прокурорларын "ең үлкен ұрылар" деп атады

Президент Мирзияев өзбек прокурорларын "ең үлкен ұрылар" деп атады
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:29 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG