Accessibility links

HRW Ресейдегі футбол чемпионатының ашылуын байкоттауға шақырды


Human Rights Watch ұйымының логосы

Human Rights Watch (HRW) халықаралық адам құқығын ұйымы әлем жетекшілерін егер Ресей президенті Владимир Путин Сирия халқын қорғау үшін қадамдар жасамаса, келесі айда Ресейде өтетін әлемдік футбол чемпионатының ашылуына бармауға шақырды.

Тұңғыш рет әлемдік футбол чемпионатын өткізейін деп отырған Ресей Сирия президенті Башар әл-Асадтың жеті жылға жалғасқан азамат соғысында басты әріптесі. Адам құқығын қорғау ұйымы Сирия халқының зардап шегуіне жауапты Мәскеудің әрекеті ескерусіз қалмауы керек деп есептейді.

“Әлемде ең көп көрілетін шараны өз елінде қабылдай отырып, Ресей қоғамдық пікірді бақылап, құрметтегенін қалайды” делінген 22 мамырда таратылған мәлімдемеде.

Ұйымның пікірінше, әлем жетекшілері “егер Ресей өзінің бағытын өзгертіп, Сирия күштерімен бірігіп жасап жатқан қантөгісін тоқтатпаса, Путинге белгі беріп, онымен бірге ашылу салтанатында VIP орындарда отырмауы тиіс”.

Маусымның ортасына белгіленген әлемдік чемпионатты миллиардаған адам көреді деген болжам бар.

Осы айда сәл ертерек HRW бір айға созылатын әлемдік чемпионат жарыстары “совет кезеңінен бері адам құқығы ең қатты нашарлаған шақта” болайын деп отыр деген.

15 мамырда жариялаған баяндамында ұйым халықаралық футбол федерациясы (FIFA) өзінің бар ықпалын қолданып, Ресей билігінің алдына жұмысшылардың құқығы, негізгі бостандықтардың шектелуі және адам құқығы белсенділерінің қудалануы мәселелерін жайып салу керек деп мәлімдеген.


ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Митинг өтпеген күнгі жаппай ұстаулар
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:13 0:00
XS
SM
MD
LG