Accessibility links

CNBC: Путин айтқан зымырандардың сынағы сәтсіз аяқталды


Ресей президенті Владимир Путин мемлекеттік дума сессиясында сөйлеп тұр. 8 мамыр 2018 жыл, Мәскеу

2017 жылдың қараша айы мен 2018 жылдың ақпан айы аралығында сыналған ядролық қондырғысы бар ресейлік төрт жаңа зымыранның барлығы сынақтан өте алмай, жерге құлады. Бұл туралы АҚШ-тың CNBC телеарнасы хабарлаған.

Телеарнаның мәлімдеуінше, ең ұзақ ұшты деген зымыранның өзі шамамен 35 шақырым ғана барған. Зымыранмен байланыс үзіліп, жерге құлаған. Американың барлау қызметіндегі құпия ақпарат көзіне сүйенген телеарна сынақ кезінде ядролық қондырғының іске қосылмағанын айтады. Ақпарат көзінің мәліметінше, құрастырушылар дайын емес екенін айтса да, Кремль сынақты жүргізуді асықтырған.

Путин 2018 жылы 1 наурызда Федералдық кеңесте жолдау жасап, Ресей қарулы күштері таяуда "америкалық зымыраннан қорғаныс жүйесінен айналып өтетін" жаңа ядролық қанатты зымырандармен жабдықталатынын мәлімдеген.

Путиннің сөзінше, қанатты зымыран оқтұмсықты әлемнің кез келген нүктесіне апара алады және әуе шабуылдарынан өздігінен қорғана алады.

Бұған дейін Путиннің жаңа ядролық қару-жарақ туралы айтқанда 11 жыл бұрынғы компьютерлік ролик кадрлары пайданылғаны да белгілі болған. "Сармат" баллистикалық зымыранынан оқтұмсығының бөлінгені көрсетілген кадрлар 2007 жылы «Бірінші арна» телеарнасында көрсетілген "Ударная сила" бағдарламасында қолданылған.

БАҚ ақпаратынша, Путиннің мәлімдемесіне қарамастан “Сармат” сынақтың бастапқы кезеңдерінен өтіп жатыр.


ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Митинг өтпеген күнгі жаппай ұстаулар
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:13 0:00
XS
SM
MD
LG