Accessibility links

Вильнюсте Борис Немцов атындағы саябақ ашылады


Вашингтондағы Борис Немцов атындағы алаңды нұсқап тұрған тақташа. 27 ақпан 2018 жыл.
Вашингтондағы Борис Немцов атындағы алаңды нұсқап тұрған тақташа. 27 ақпан 2018 жыл.

Вильнюстегі Ресей елшілігі алдындағы саябаққа үш жыл бұрын қастандықтан қаза тапқан ресейлік оппозиционер Борис Немцовтың есімі беріледі. Литваның қалалық кеңесі осындай шешім қабылдаған. Бұл туралы Twitter-де Борис Немцов қорының төрағасы кіші Владимир Кара-Мурза хабарлады.

Саябаққа ресейлік оппозионердің есімін беруді қоғамдық кеңестің 32 мүшесі қолдап, біреуі қарсылық танытқан, ал біреуі қалыс қалған. Кіші Кара-Мурзаның сөзінше, мамырдың 24-і қала мэрі Ремигюс Шимашюс қол қойғаннан кейін шешім күшіне енеді.

2018 жылы ақпан айында Вашингтондағы Ресей елшілігінің алдындағы алаңқайға Борис Немцов есімі берілген еді.

Ресейлік оппозиционер Борис Немцов 2015 жылы ақпанның 28-іне қараған түні Мәскеу қаласында Кремльге жақын маңдағы көпір үстінде ту сыртынан атқан алты оқтан ажал құшты. Оның қазасы бойынша айыпталғандарға сот үкімі өткен жылы шілдеде шыққан. Саясаткерді атып өлтірген Заур Дадаевты 20 жылға бас бостандығынан айырды, тағы төрт адамға 11 жылдан 19 жылға дейінгі мерзімге түрме жазасы тағайындалды. Адам өлтіруге кім тапсырыс бергені әлі күнге дейін анықталған жоқ.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG