Accessibility links

Контрабанда бойынша айыпталғандардың қамау мерзімі ұзартылды


Алматы қалалық сот ғимаратының алды
Алматы қалалық сот ғимаратының алды

Қазақстанның оңтүстігінде арнайы операция барысында ұсталған, “шекарадан контрабандалық тауар өткізбек болды” деп айыпталған азаматтардың қамалу мерзімі ұзарған. Бұл туралы Алматы қалалық соты бүгін хабарлады.

Алматы қалалық сотына сілтеме жасаған жергілікті ақпарат агенттіктерінің хабарлуынша, Алматы соты Қырғызстан парламентінің бұрынғы депутаты Дамирбек Асылбекұлы және тағы екі қырғыз азаматы – Ұланбек Мурадилов пен Эмилбек Кошорбаевтың қамалу мерзімін 15 маусымға дейін ұзартқан. Қалған ұсталғандардың қамалу мерзімі 16 маусымға дейін ұзарған.

2018 жылы 15-16 ақпан күндері ОҚО мен Жамбыл облыстарында өткен арнайы операция барысында 35 адам ұсталған. Олардың арасында кеден органдары, шекара қызметінің лауазымды тұлғалары, брокерлер болған. Үшеуі – Қырғызстан азаматы.

Алматы қалалық Алмалы аудандық соты 17 ақпанда Қырғызстан азаматтарын екі айға қамау туралы сот шешімін шығарған. Сот шешімінің контрабандаға қатысы болуы мүмкін іспен және “трансұлттық ұйымдасқан топқа қатысу” бойынша тергеу амалдарымен байланысты екені хабарланды.

16 сәуірде Қырғызстанның орталық сайлау комиссиясы “өзге елдің азаматтығы болуы мүмкін” деген себеппен Асылбекұлын депутаттық мандаттан айырды.

Бұған дейін Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Асылбекұлында қазақстандық паспорт барын айтқан. Асылбекұлының туыстары бұл мәліметті жоққа шығарып, қамалуды біреулердің бұрынғы депутатпен "есеп айырысуы" деп бағалаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG