Accessibility links

Трамп Ким Чен Ынмен кездеспейтінін мәлімдеді


Ким Чен Ын мен Дональд Трамп.
Ким Чен Ын мен Дональд Трамп.

АҚШ президенті Дональд Трамп 12 маусымға жоспарланған Ким Чен Ынмен кездесуге бармайтынын мәлімдеді. АҚ үй басшысы кездесу болмайтынын айтып, Пхеньянға хат жолдаған.

Трамп хатта "қазір кездесу өткізуге ыңғайлы уақыт емес" деп жазған.

15 мамырда Пхеньян ресми мәлімдеме жариялап, 12 маусымға жоспарланған АҚШ-Солтүстік Корея саммитінен бас тартуы мүмкін екенін хабарлаған еді. Кездесу алдында АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Пхеньянға барып қайтқан.

15 мамырда Пхеньян ресми мәлімдеме жариялап, 12 маусымға жоспарланған АҚШ-Солтүстік Корея саммитінен бас тартуы мүмкін екенін хабарлады.

Пхеньянның мәлімдеме жасауына АҚШ пен Оңтүстік Кореяның біріккен әскери жаттығуы себеп болған.

"АҚШ Оңтүстік Кореямен әскери жаттығу өткізбес бұрын алда жоспарланған саммит туралы ойлануы тиіс" деп жазылған ресми мәлімдемеде.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG