Accessibility links

Полиция: Заңсыз жүрген шамамен 1100 шетел азаматы ұсталды


Полиция бақылауымен шетел азаматтары автобусқа кіріп жатыр
Полиция бақылауымен шетел азаматтары автобусқа кіріп жатыр

Оңтүстік Қазақстан облысында 21-24 мамыр аралығында өткен жедел іс-шара кезінде көші-қон заңнамасын бұзған 1157 шетел азаматы ұсталды деп хабарлайды Азаттыққа облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталғандар арасындағы 411 азамат әкімшілік қамауға алынған.

«Сонымен бірге ішкі істер департаментінің қабылдап-бөлу мекемелеріне жеке бастарын анықтайтын құжаттары жоқ 115 шетел азаматы орналастырылды. 322 азаматтың ел аумағында болу мерзімі қысқартылып, 116-ы сот шешімімен Қазақстан Республикасы аумағынан шығарылды. Қазақстан Республикасы аумағынан шығару туралы сот шешімін орындамағаны үшін төрт шетел азаматы қылмыстық жауапкершілікке тартылды» делінген хабарламада.

Қазақстан полициясы әр аймақтарда мұндай шараларды жиі өткізіп тұрады. Былтыр Алматы полициясы "заңсыз жүрген шамамен 600-ға жуық шетел азаматы ұсталып, 115-і елдеріне қайтарылғанын" хабарлаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG