Accessibility links

Ресейде құқық қорғаушы соққыға жығылды


Ресейлік құқық қорғаушы Николай Кавказский
Ресейлік құқық қорғаушы Николай Кавказский

Мәскеу орталығында белгісіз біреулер “Яблоко” партиясының мүшесі, бұрын “Болотный ісі” бойынша қамалған Николай Кавказскийді соққыға жыққан. Бұл туралы құқық қорғаушының өзі Twitter-де хабарлады.

Оқиға жарым түнде Мәскеу метросының “Революция алаңы” станциясында болған. Кавказский ресейлік “Дождь” телеарнасына шабуыл жасаған алты-жеті адамның кеудесінен, басынан тепкілегенін айтқан. Оқиға орнына келіп-кетушілер жақындай бастағандықтан шабуыл жасаушылар қашып кеткен.

Николай Кавказский полицияға шағым түсіріп, сонан кейін жедел жәрдем қызметін шақырған. Дәрігерлер оны ауруханаға алып кеткен.

“Еш жерім сынбаған, шайқалмаған. Тек жаралар мен сызаттар бар” деп құқыққорғаушы кейінірек жазды.

2012 жылы Николай Кавказский “Болотный ісі” бойынша айыпталды. Ол өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды. Ресей билігі 2012 жылы 6 мамырда Болотный алаңында болған оқиғаны “жаппай тәртіпсіздік” деп атады. Кавказский бір жарым жыл қамауда болды. 2013 жылы желтоқсанда оны амнистиямен шығарды.

2017 жылы қараша айында адама құқығы бойынша Еуропалық сот қамалу кезінде және сотта құқықтарын бұзғаны үшін Ресей Кавказскийге 10 мың еуро көлемінде өтемақы төлеуі тиіс деген қаулы шығарды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG