Accessibility links

Бишімбаевтің үкімі өзгеріссіз қалды


Қазақстанның бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев соты. 7 қараша 2017 жыл, Астана.

Астана қалалық соты Қазақстанның бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың сот үкімін өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы 25 мамыр түстен кейін жергілікті ақпарат агенттіктері хабарлады.

Бұған дейін Бишімбаевтың адвокаты "сотталушылардың бірінде бұрынғы министрге қатысты жаңа деректері барын" айтып, сот отырысына оны қатыстыртуды өтінген. Алайда аппеляциялық сот отырысы Бишімбаев пен өзге де сотталушылардың қатысуынсыз өткен. Олар сот шешімін оқу кезінде де болмаған деп хабарлайды жергілікті ақпарат агенттіктері.

Аппеляциялық отырыста Бишімбаевтың адвокаттары соттан оны ақтау туралы сұраған. Бұрынғы министрдің әйелі аппеляциялық отырыс кезінде Бишімбаевтың мәлімдемесін оқып берген. Онда ол өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарады.

2018 жылы 14 наурызда "Бәйтерек" холдингін басқарған кезде “мемлекет қаржысын жымқырды” деген айыппен бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты он жылға сотталған. Іс бойынша айыпталған жиырмадан астам адамның бірнешеуі тергеу айыптарын мойындап, тергеу органдарымен келісімге келген. Сот оларға бас бостандығынан айыратын жаза қолданбаған немесе аз жылға соттаған.

Бишімбаев өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, айыптау жақта өзінің кінәлі екенін дәлелдейтін дәлелдер жоғын айтып келді. Сот процестері кезінде Бишімбаев екі рет президент Нұрсұлтан Назарбаевтан кешірім сұрап, “ештеңеге қарамастан” президентке “өте адал” боп қалатынын жеткізді. Сот үкімі бойынша оған мемлекеттік қызметпен айналысуға тыйым салынған. Сот мүліктерін тәркілеуді бұйырған.

Президенттік “Болашақ” стипендиясының түлегі Қуандық Бишімбаев 2017 жылдың қаңтарында қамауға алынған. Ол - Қазақстан үкіметіндегі ең жас министрлердің бірі. Бишімбаев 36 жасында министр болған.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNews 14.12.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:50 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG