Accessibility links

Трамп Пхеньянмен диалогты қайта жандандыруды айтты


АҚШ президенті Дональд Трамп.

АҚШ президенті Дональд Трамп Пхеньянмен диалогты қайта жандандыру туралы мәлімдеген. Ол Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен кездесу өтуі әлі де мүмкін екенін айтқан деп хабарлайды америкалық CNBC телеарнасы.

Ақ үй басшысы бұл сөзін Ким Чен Ынмен бұған дейін жоспарланған кездесуі өтпейтіні туралы мәлімдемесінен кейін бір күн өткенде айтқан.


Бұған дейін, бейсенбіде президент Трамп маусымның 12-і күні Сингапурде өтеді деп жоспарланған Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен кездесуге бармайтынын мәлімдеп, Солтүстік Кореяның "ашу-ыза мен дұшпандық риторикасына" қатысты қынжылыс білдірген болатын. Ақ үй басшысының мұндай шешіміне соның алдында Солтүстік Корея тарапынан жасалған қатаң мәлімдемелер себеп болған. Сонымен бірге АҚШ Мемлекеттік департаменті өкілдері соңғы күндері Вашингтонның алдағы жоспарланған кездесуге дайындыққа қатысты жолдаған бірнеше сауалына Пхеньяннан жауап алмағанын айтқан.

Трамп Ким Чен Ынмен кездеспейтіні туралы мәлімдегеннен кейін Солтүстік Корея алаңдаушылық білдірген. Пхеньян президент Трамптың біржақты шешіміне қарамастан диалогты жалғастыруға әзір екені туралы мәлімдеген. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш екі тарапты Корей түбегін ядролық қарудан арылту жолын іздестіру мүмкіндіктерін тоқтатпауға шақырған.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

"Негативті емес, позитивті түсіріңдер"
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:41 0:00
XS
SM
MD
LG