Accessibility links

Ресейде Путинді сынаған белсендіге шартты жаза сұрады


Владимир Егоров, ресейлік белсенді.
Владимир Егоров, ресейлік белсенді.

Ресейдің Тверь облысында прокуратура белсенді Владимир Егоровқа "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде Ресей президенті Владимир Путинді сынап жазғаны үшін екі жыл шартты жаза кесуді сұрады. Тергеу белсендінің жазбасында экстремизмге жария түрде шақыру белгілері бар деп біледі. Бұл жайында сотталушының мүддесін қорғайтын "Агора" құқық қорғау тобының адвокаты хабарлады.

Адвокат соттан Егоровты толық ақтауды сұрады.

Оппозициялық "Яблоко" партиясының белсендісі Владимир Егоров Тверь облысының Торопец қаласындағы үйіне әлдекімдер бірнеше рет өрт қойған соң 2017 жылы жазда Ресейден кетіп қалмақ болған. Ол шабуылды өзінің оппозициялық белсенділігімен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен байланыстырады. Белсенді Беларусьтен саяси баспана сұраған, бірақ Ресейге экстрадицияланып, қамауға алынған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG