Дамаск Абхазия мен Оңтүстік Осетияны тәуелсіз ел деп таныған соң Тбилиси Сириямен қарым-қатынасын үзетінін мәлімдеді. Грузия дипломатиялық қатынастарды бұзу процестерді жақын арада бастамақ.
Сирия Абхазия мен Оңтүстік Осетияны тәуелсіз ел деп танығаны ресми хабарлан соң Грузия Сыртқы істер министрлігі жедел "Сирия билігі Ресейдің айтақтауымен кезекті рет халықаралық ережелерге қайшы шешім қабылдады" деп мәлімдеді.
Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде "Грузияның байырғы аймақтарының тәуелсіздігін мойындау арқылы Башар Асад режимі Ресейдің Грузияға қарсы агрессиясына қолдау көрсетті" деп жазылған.
29 мамырда Сирия Грузияның жікшіл Абхазия және Оңтүстік Осетия аймақтарын тәуелсіз мемлекеттер деп таныған.
ПІКІРЛЕР