Accessibility links

"Украинада соғысқан" теміртаулық 25 жылға сотталды


Қарағанды қаласындағы Қазыбек би аудандық сотының ғимараты (Көрнекі сурет).
Қарағанды қаласындағы Қазыбек би аудандық сотының ғимараты (Көрнекі сурет).

Теміртаудың 32 жастағы тұрғыны Никита Степин Украина шығысында ресейшіл өзін-өзі жариялаған "Луганск халық республикасы" жағында соғысты және Қазақстанда екі адамды өлтірді деп айыпталып, 25 жылға сотталды. Степиннің серігі - 32 жастағы Павел Левкутин кісі өлтіру қылмысы туралы хабарламады деп айыпталып, үш жылға сотталды.

Үкім 30 мамыр күні Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында оқылды. Теміртауда кісі қолынан өлген ер адамның туыстары түсірген моральдық және материалдық зардапты өтеп беру туралы шағым жартылай қанағаттандырылды. Негізгі сома сотталушы Степиннің өзінен ғана өндіріледі. Левкутиннен сот шығыны ғана өндіріледі.

28 мамыр күні соттағы соңғы сөзінде Степин Донбасқа "бейбіт тұрғындарды қорғауға өз еркімен барғанын, мұны "ар-намысы үшін істегенін" және "басқалай әрекет ете алмағанын" айтқан.

Оның үйін тінту кезінде "әскери билет" пен казактардан әскери шен алғаны туралы куәлік және "Донбасты азат еткені үшін" наградасы табылған.

Степиннің адвокаты Светлана Драч тағылған айыптың нақтыланбағанын, тергеу оның нақты қандай қылмыс жасағанын анықтамағанын айтады. Адвокаттың сөзінше, айыптауды тінтуде табылған құжаттар мен айыпталушының жауабы негізінде ғана түзуге болмайды. Оның сөзінше, тергеу тіпті дәлелдер табуға талпынбаған.


Тергеу дерегінше, Никита Степин Украинаның Луганск облысындағы өзін-өзі жариялап алған республика жағында әскери қимылдарға әдейі және заңға қайшы түрде қатысқан. Ол жаққа екі рет барып келген соң ол Теміртауға үйіне қайтып оралып, гаражда көлік жөндейтін слесарь болып жұмыс істеген. Кейін сол жерде жергілікті екі тұрғын қаза тапқан.

Осы кісі өлімдерін тергеу кезінде күдіктілердің бірінің "Украина шығысына барғаны" анықталған.

Оқи отырыңыз: "Украинада соғысқан тұрғын" сотта кінәсін мойындады

Жәбірленуші тарап - гаражда өлтірілген адамдардың туыстары бұған дейін 20 миллион теңгеден астам моральдық және материалдық шығын өтеу туралы шағымданған. Қаза тапқандардың туыстары айыптыларға өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын сұраған.

Жарыссөзде прокурор Елдос Жаппар соттан Никита Степинді 25 жылға соттауды, Павел Левкутинді бес жылға соттауды сұраған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG