Accessibility links

ЕҚЫҰ өкілі Бабченко өлімін мұқият тергеуге шақырды


Арлем Дезир, ЕҚЫҰ-ның сөз бостандығы мәселелері жөніндегі өкілі.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) сөз бостандығы мәселелері жөніндегі өкілі Арлем Дезир Киевте ресейлік журналист Аркадий Бабченконың атып өлтірілгенін айыптап, журналист өлімін жедел және мұқият тексеруге шақырды.

"Бұл жантүршігерлік оқиғаға ашуланып отырмын" деген Арлем дезир ЕҚЫҰ-ның сөз бостандығы мәселелері жөніндегі өкілі кеңсесі таратқан мәлімдемеде. Ол сонымен қатар бұл қылмыстың барлық мән-жайын ашып, қастандыққа тапсырыс берген және оны орындаған адамды жауапқа тарту керегін айтты.

Бұған дейін БҰҰ жанындағы Журналистерді қорғау комитеті де Аркадий Бабченко өлімін жедел әрі мұқият тексеруге шақырған.

Ресейлік белгілі журналист Аркадий Бабченконы Киевте 29 мамыр күні кешке өлтіріп кетті. Журналист дүкеннен үйіне қайтып келе жатқанда артынан үш рет оқ атқан. Пәтерінің алдында қансырап жатқан Бабченконы әйелі көрген. Журналист жедел жәрдем көлігімен ауруханаға әкетіп бара жатқанда көз жұмды. Киев полициясы Бабченконың өліміне журналистің кәсіби қызметі немесе азаматтық ұстанымы себеп болуы мүмкін деп тұспалдайды.

Оқи отырыңыз: Киевте ресейлік журналист Аркадий Бабченконы атып өлтірді


Украина Ішкі істер министрлігі бұл факт бойынша "қасақана кісі өлтіру" бабымен іс қозғап, қастандық жасады деген күдіктінің ықтимал суретін жариялады.

Андрей Бабченконың өліміне қатысты Ресей Тергеу комитеті де қылмыстық іс қозғады.

Бүгін бұдан бұрын Украина премьер-министрі Владимир Гройсман Facebook-те Аркадий Бабченконың өлімін Ресейден көретінін мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNews 14.12.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:50 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG