Accessibility links

Абаев әлеуметтік желінің ашылмауы туралы


Абаев әлеуметтік желінің ашылмауы туралы
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:46 0:00

Азаттық тілшілері Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтан Қазақстанда тәуліктің кешкі мезгілінде кей әлеуметтік желілер мен сайттардың не себепті бірнеше сағат ашылмай қалатыны жайлы сұрады. Қазақстандық қолданушылар кешкі уақыттарда Facebook, Instagram, YouTube, Telegram әлеуметтік желілеріне кіру қиындайтындығына шағым айтады. Кейбіреулер мұны қазір шетелде тұратын бұрынғы банкир, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты сынаушы Мұхтар Әблязовтің интернет арқылы жүргізетін тікелей трансляцияларымен байланыстырады. Журналистер сауалына сәл кідіріп берген жауабында министр Абаев өзі басқаратын мекеменің "әлеуметтік желілердегі проблемаларға қатысы жоқ екенін" мәлімдеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG