Accessibility links

Заңгер Джузеппе Конте Италия үкіметін басқаруға келісті


Джузеппе Конте, Италия үкіметін басқаруға келіскен заңгер.
Джузеппе Конте, Италия үкіметін басқаруға келіскен заңгер.

Заңгер Джузеппе Конте Италия үкіметін басқаруға ресми түрде келісті. Ол министрлер кабинетін құру мандатын иеленіп, президентке болашақ Италия үкіметінің құрамын ұсынды.

Жаңа үкімет 1 маусымда ант қабылдайды. Бұдан соң жаңа үкімет ел парламентінің қос палатасының да мақұлдауын алуы тиіс болады.

Өткен аптада Джузеппе Конте Еуропа Одағы институттарында Италияның мүдделерін қорғауға уәде берген. Кәсіби адвокат Конте бұрын саясатке араласпаған және парламентте болмаған. Оны премьер-министрлікке популистік "Бес жұлдыз қозғалысы" және Лига" партиялары ұсынған.

Италия үкіметі екі айдан бері құрыла алмаған. 4 наурызда өткен парламент сайлауында ешбір саяси күш айқын жеңіске жетпеген, тек аздаған басымдықпен Сильвио Берлускони оңшыл центристік алға шыққан. Коалицияға оңшыл радикалдық "Лига" партиясы кіреді. Партия Ресейге қарсы санкцияны жоюды ұсынған. Еуропа Одағына күмәнмен қарайтын "Бес жұлдыз қозғалысы" сайлаушылардың үштен бірінің дауысын иеленген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG