Accessibility links

БАҚ: Иран әскері Сирияның оңтүстігінен кете бастады


Сирияның Алеппо қаласы маңындағы Иран қолдайтын күштер бақылауындағы әскери база.
Сирияның Алеппо қаласы маңындағы Иран қолдайтын күштер бақылауындағы әскери база.

Иран әскерилері жұмадан бастап Сирияның оңтүстік және оңтүстік-батыс аудандарынан шыға бастаған. Бұл туралы өз дереккөздеріне сілтеме жасап Al-Arabiya телеарнасы хабарлады. Иран әскерилерінің кетіп жатқаны туралы ақпаратты Израиль баспасөзі де таратты. Al-Arabiya дерегінше, аталған аймақтан Ливанның ираншыл "Хезболла" тобының жасақтары да шығып жатыр.

Иран мен "Хезболла" Сириядағы көтерілісшілерге қарсы соғыста президент Башар Асадтың әскеріне болысқан. Сирияның оңтүстігінде Иран күштерінің болуын өзіне төнген қауіп деп қабылдаған Израиль оған үзілді-кесілді қарсы болып, Сирия аумағындағы Иран мен "Хезболла" базаларына бірнеше рет әуеден соққы берген.


Ресейлік "Интерфакс" агенттігі мен Израиль баспасөз құралдарының хабарлауынша, осы аптада Мәскеуде Израиль мен Ресей қорғаныс министрлері кездескенде Сирияның оңтүстігінен Иран әскерилерін шығару туралы принципті келісімге келген. Иран тәрізді Ресей де Сирияда президент Асадқа әскери жәрдем көрсетіп отыр. БҰҰ-дағы Ресей елшісі Василий Небензя Сирияның оңтүстігіндегі күштерді "ажырату туралы әлдбір келісім" жасалғанын растағанымен оның бүге-шігесін айтпаған. Израильдің Ресейдегі елшісі де Мәскеудегі келіссөздердің табысты өткенін растаған.

Сирия сыртқы істер министрі Валид Муаллем сенбі күні Сирияда Иранның "әскери кеңесшілері" бар, бірақ базалары жоқ деп айтқан. Ол сонымен бірге АҚШ-ты Сирияның оңтүстігіндегі ат-Танф ауданынан әскерилерін алып кетуге шақырған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG