Accessibility links

Трамп Әділет министрлігі мен арнайы прокурордан сезіктенеді


АҚШ президенті Дональд Трамп.

АҚШ президенті Дональд Трамп адвокаттарының жазған хаттарының баспасөзде жарияланып кетуіне Әділет министрлігі мен арнайы прокурор Роберт Мюллерден сезіктенеді. Бұл туралы Трамп Twitter әлеуметтік желісіндегі парағында жазған.

Трамп өзінің президенттік сайлау алдындағы кампаниясы кезінде Ресеймен ешқандай жасырын сөз байласу болған жоқ деп бұған дейін айтқанын тағы қайталаған. Сонымен бірге ол "қымбатқа шығып отырған шам алып түсудің" салдары елге кесірін тигізіп жатыр деген.

"Арнайы прокурор мен Әділет министрлігі адвокаттарымның хаттарын жалған хабар тарататын БАҚ-қа жіберіп отыр ма? Бұның орнына демократтар арасындағы жемқорлықты іздеумен айналысқанымыз жөн емес пе?" деп жазған Трамп.

Мамырдың соңында Трамп арнайы прокурор Мюллерді сынап, оның жүргізіп жатқан тергеуін "әділетсіз" деп атаған.


Бұған дейін АҚШ арнайы прокуроры Роберт Мюллер Трамптың адвокаттарына 2016 жылғы АҚШ президенті сайлауына Ресейдің ықтимал араласуын тергеуге байланысты 40-тан астам сұрақ қойғаны мәлім болған. Ол сұрақтар The New York Times басылымы журналистерінің қолына түскен болатын.

АҚШ-та 2016 жылғы Америка президенті сайлауына Ресейдің ықтимал араласуына қатысты тергеу жүріп жатыр. 2017 жылғы тамыздың басында АҚШ арнайы прокуроры Роберт Мюллер сайлаудағы "Ресей ізін" тексеру үшін алқабилердің үлкен отырысын жақырған. Президент сайлауы науқаны кезінде Демократиялық партияның кандидаты Хиллари Клинтонның позициясын әлсірету мақсатымен Трамптың штабы Кремльмен жасырын сөз байласуға бармады ма деген күдік Мюллер жүргізіп жатқан тексеруге себеп болған.

Мәскеу "АҚШ сайлауына килігу" туралы айыптауларды үзілді-кесілді жоққа шығарып, өзге мемлекеттердегі сайлауларға араласпайтыны жөнінде бұған дейін бірнеше рет мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG