Accessibility links

Қызылорда облысында менингококк инфекциясынан ер адам қайтыс болған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қызылорда облысында менингококк инфекциясын жұқтырып, ауруханаға түскен ер адам көз жұмды деп хабарлады Tengrinews.kz сайты. Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұржамал Тұрсынбаеваның айтуынша, инфекция жұқтырған Жаңақорған ауданының 27 жастағы тұрғыны 4 маусымға қараған түні аудандық ауруханада қайтыс болған.

Инфекция жұқтырған тұрғынмен байланыста болған 15 адам тексерілген. Оларда инфекция табылмаған.

Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы 1 маусым күні 27 жастағы тұрғынның менингококк инфекциясының алғашқы белгілерімен ауруханаға жатқызылғанын хабарлаған еді. Науқас ауруханаға ауыр халде түсіп, жансақтау бөлімінде көз жұмған.

Алматыда мамырдың ортасынан бері аса қатерлі дерттен бес адам (екеуі - балалар), Алматы облысында үш адам қайтыс болған.


Маусымның 1-і күні денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда жыл басынан бері 55 адамның менингококк инфекциясын жұқтырғаны анықталғанын, ауырғандардың көбі Алматыда (31 адам) тіркелгенін хабарлаған. Ол ауру жұқтыру оқиғаларын эпидемия деп санамайтынын, "жағдай бақылауда екенін" айтқан еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG