Ресейде украиналық журналист Роман Сущенко 12 жылға сотталды. Мәскеу қалалық соты журналисті тыңшылық жасады деп айыптап, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеу туралы үкім кесті. Құқық қорғаушылар мен Киев журналиске қарсы істің саяси астары бар деп біледі.
"Укрінформ" агенттігіне Парижден жұмыс істеген Сущенко 2016 жылы Мәскеуде "құпия ақпарат жинады" деген күдікпен ұсталған. Биыл наурызда басталған сотта журналист кінәсін мойындамаған.
Украина билігі, құқық қорғаушылар мен Батыс елдері Ресей 2014 жылы Қырым түбегін аннексиялап, Украина шығысындағы қақтығысқа киліккен соң бұл елде қолдан жасалған, саяси астары бар айыптармен бірнеше украиналық сотталғанын айтады.
ПІКІРЛЕР