Accessibility links

Путин АҚШ пен оның одақтастарына қарсы санкция қабылдады


Владимир Путин, Ресей президенті.
Владимир Путин, Ресей президенті.

Ресей президенті Владимир Путин АҚШ және өзге Батыс елдерінің санкциясына жауап ретінде мамыр айында Федерация кеңесі қабылдаған қарсы санкцияға қол қойды. Құжат дүйсенбі күні ресми түрде құқықтық ақпараттар порталында жарық көрді.

22 мамырда заң жобасын Ресей Мемлекеттік думасы үшінші оқылымда қабылдаған. Заң жобасын талқылау барысында төменгі палата бастапқы құжатқа айтарлықтай өзгерістер енгізді. Атап айтқанда, қарсы санкция салынатын нақты салалар, тауарлар мен қызмет көрсету тізімі алынып тасталды. Оны анықтау үкіметтің құзырына қалдырылды. Сонымен бірге, Ресейге келетін импорттық дәрі-дәрмекке шектеу қою да қабылданбады. Бұл жөнінде науқастарға көмек көрсететін коммерциялық емес ұйым өкілдері өтінген.

"АҚШ пен өзге шет мемлекеттердің жаулық әрекеттеріне қарсы шара қолдану жөніндегі" заң жобасы Мемлекеттік думаға биыл 13 сәуірде түскен. Заң жобасында бастапқыда Ресейге келетін импорт тауарларының барлық түріне, атап айтқанда ауыл шаруашылығы өнімдері, шикізат, дәрі-дәрмек, алкоголь және темекіге тыйым салу көзделген еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG