Accessibility links

Қырғызстанда экс-президентке тиіспеу заңдылығы қаралады


Қырғызстан конституциясы (Көрнекі сурет).
Қырғызстан конституциясы (Көрнекі сурет).

Қырғызстанның Конституциялық палатасы заңгер Нурбек Токтакуновтың экс-президенттерге тиіспеу кепілдігін беруді конституцияға қайшы деп тану туралы шағымын қарауға қабылдады. Азаттықтың Қырғыз редакциясының хабарлауынша, Токтакунов бұл туралы Facebook-тегі парақшасында жазды.

Заңгер "Президент қызметіне кепілдіктер беру туралы" заң бойынша экс-президентке мүлдем тиісуге болмайды деген ереже конституциядағы барлық адам заң алдында бірдей деген ұстанымды бұзады деп біледі. Оның сөзінше, енді бес ай ішінде Конституциялық палата бұл шағымды қарап, шешім шығаруы тиіс.

"Жогорку Кенешке сотқа қатысып, өз ұстанымын білдіруге кеңес беремін. Тіпті Жогорку Кенештің құқықтық қызметі ғана емес, парламенттегі әр фракция өз ұстанымын білдіре алады. Бұл істегі мүдделі тараптар іс басындағы президент пен әрине, экс-президент Алмазбек Атамбаев" деп жазды Токтакунов.


2018 жылы мамырда Жогорку Кенеш Бішкектегі жылу электр станциясын модернизациялаудағы сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар делінген шенеуніктердің іс-әрекетіне құқықтық баға беру туралы қаулы шығарған. Депутаттар сонымен қатар экс-президенттерді қылмыс жасаған жағдайда қылмыстық жауапқа тарту туралы бастаманы да қолдаған. Қырғызстанда қолданыстағы заң бойынша, экс-президенттерге тиіспеуге кепілдік берілген.

Оқи отырыңыз: Парламент экс-президенттерді тиіспеу кепілдігінен айыруды қолдады

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG