Accessibility links

Біртанов: Әлеуметтік маңызы бар сырқаттар тізімі өзгереді


Дәрігерге қаралып отырған зейнеткер, Алматы облысы (Көрнекі сурет).
Дәрігерге қаралып отырған зейнеткер, Алматы облысы (Көрнекі сурет).

Қазақстан денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қант диабеті және балалар миының салдануы (немесе ДЦП) сияқты сырқат түрлері тегін медициналық көмек көрсетілетін әлеуметтік маңызы бар аурулар тізімінен шығарылатыны туралы ақпаратқа түсінік берді. Астанада үкімет жиынынан соң журналистер сауалдарына жауап берген министр денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік маңызы бар сырқаттар тізімі мен диспансерлік бақылауды қажет ететін сырқаттар тізімін ретке келтірмек екенін айтты.

- Қазір қолданыстағы бұл тізім өте ауқымды және ол бойынша жасалып жатқан жұмыстар іс жүзінде бақыланбайды. Әлеуметтік маңызы бар аурулар және диспансерлік бақылауды қажет ететін аурулар қосымша күшейтілген қадағалауды, қосымша тексеруді қажет етеді және оларды дәрі-дәрмекпен қамтып отыру керек. Сондықтан, әсіресе қант диабеті сияқты және басқа да маңызды ауру түрлері қазір ерекше динамикалық бақылауды қамтамасыз ететін аурулар тізіміне енгізіледі. Яғни, тізімдегі сырқат түрлері нақтыланып, ол бойынша диагностикадан өту, кеңес алу мерзімі және науқастарға берілетін дәрі-дәрмектердің нақты тізімі жасалады, деді министр Біртанов.

Министр өзгерістер бойынша, тегін дәрімен қамтамасыз етілетін ауру тізімі қысқартылмайтынын, керісінше, "медициналық сақтандыру аясында дәрі-дәрмек тегін берілетін ауру тізімі біртіндеп кеңейтілетінін" айтады.

"Денсаулық сақтау министрлігі поликлиникалардың бұл науқастарды сенімді бақылауда ұстау және тегін дәрімен қамтудағы рөлін күшейткісі келеді" дейді министр.


Бұған дейін электрондық үкімет сайтында денсаулық сақтау министрінің 2015 жылы 21 наурызда қабылдағған әлеуметтік маңызы бар аурулар мен өзгелерге қауіп төндіретін аурулар тізімін өзгерту жобасы жарияланған. Жобада ұсынылып отырған әлеуметтік маңызы бар аурулар тізіміне бұрын осы тізімде болған созылмалы вирустық гепатиттер, бауыр циррозы, қант диабеті, балалар миының салдануы, миокардтың жедел инфаркті, ревматизм, жүйке жүйелерінің дегенеративті ауруы және тағы бірнеше ауру енбей қалған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG