Accessibility links

ОҚО орталығын Түркістанға ауыстырып, Шымкентке мәртебе беруді ұсынды


ОҚО мәслихатының отырысы. Шымкент, 5 маусым 2018 жыл

5 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысының мәслихаты облыс орталығын Шымкенттен Түркістанға көшіру туралы және Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесін беру туралы ұсынысты мақұлдап, үкіметке жолдады.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, сессияда Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев баяндама жасаған соң облыстық мәслихат депутаттары әкімшілік орталығын Шымкенттен Түркістанға көшіру туралы және Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесін беру туралы үкіметке ұсыныс жасауды бірауыздан қолдады.

Оқи отырыңыз: Облыс орталығы тұрғындарына айналуға шақ тұрған түркістандықтардың үміті мен күдігі

Сейсенбі күні сәл ертерек облыс әкімі қалалық мәслихаттың кезектен тыс 29-сессиясында Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесін беру туралы қалалық мәслихаттың ұсынысын "ұзартпай тездетіп шешеміз" деген.

Билік Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығын 160 мыңдай тұрғыны бар Түркістан қаласына көшіру арқылы осы аймақты дамытқысы келеді, ал тұрғын саны бір миллионнан асқан Шымкент ерекше мәртебеге лайық деп санайды.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG