Accessibility links

Иран уран байытуды қайта бастайтынын мәлімдеді


Әли Акбар Салехи, Иран Атом энериясы ұйымының басшысы.
Әли Акбар Салехи, Иран Атом энериясы ұйымының басшысы.

Иран БҰҰ-ның Атом энергиясы жөніндегі агенттігін (МАГАТЭ) 2015 жылы жасалған, өзінің ядролық бағдарламасын тежейтін келісім күшін жоятындай жағдайға дайын отыру үшін уран байыту мүмкіндіктерін арттыру процесін бастағанын ескертті.

Иран Атом энериясы ұйымының басшысы Әли Акбар Салехи 5 маусымда Венадағы МАГАТЭ кеңсесіне Иранның уран байытуға қатысты шешімі туралы ескерту хатын тапсырғанын хабарлады. Дегенмен, ол Иран ядролық келісім талаптарын орындай беретінін және елдің ядролық белсенділігі келісімде белгіленген шеңберден аспайтынын айтты.

Өткен айда АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон Иранның ядролық бағдарлмасын тежеп, есесіне бұл елге салынған халықаралық санкцияларды жұмсартатын келісімнен шығатынын мәлімдеген. Келісімге қол қойған өзге елдер - Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция және Германия келісімнен шықпайтынын айтады.

"Мүмкіндік болса, бәлкім ертең түнде Натанз уран байыту зауытында жаңа центрифугалар шығаратын орталықтың ашылуын жариялаймыз" деді Салехи.

Иранның бұл мәлімдемесінен соң Франция президенті Эммануэль Макрон жағдайдың шиеленісіп кету қаупі барын ескертті.

Видео: Иран ядролық келісімге қатысты талап қойды (25.05.2018)

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG