Accessibility links

АҚШ "Ресей ісі" бойынша сотталған заңгерді депортациялады


Нидерландылық заңгер Алекс ван дер Зваан Вашингтондағы сот алдында. 3 сәуір 2018 жыл.
Нидерландылық заңгер Алекс ван дер Зваан Вашингтондағы сот алдында. 3 сәуір 2018 жыл.

АҚШ "Ресейдің АҚШ-тағы президент сайлауына ықтимал килігуін" тергеу ісі аясында алғашқы сотталған нидерландылық заңгер Алекс ван дер Зваанды депортациялап, Нидерланд билігіне тапсырды. АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік бақылау қызметінің хабарлауынша, Алекс ван дер Зваан Пенсильвания штатындағы федералдық түрмеде жазасын өтеп шыққан күннің ертеңінде депортацияланған. Нидерландылық заңгер Федералдық тергеу бюросының (FBI) агенттеріне жалған куәлік берді деп айыпталып, 30 күн қамауда отыру жазасы кесілген еді.

FBI-дің айыптау қорытындысында Алекс ван дер Зваанның президент Дональд Трамптың сайлауалды штабының бұрынғы басшысы Пол Манафорттың көмекшісі Ричард Гейтспен жазысқан электрондық хаттарын өшіріп тастағаны айтылады. Тергеушілер сонымен қатар оның FBI агенттеріне Гейтспен және аты-жөні аталмаған тағы бір адаммен қашан және не туралы сөйлескені туралы жалған куәлік берді деп біледі.

Алекс ван дер Зваан - ресейлік миллиардер, "Альфа-Групп" компаниялар тобының акционері Герман Ханның күйеубаласы.

АҚШ-тағы "Ресейдің сайлауға ықтимал килігуі" ісін арнайы прокурор Роберт Мюллер тексеріп жатыр. Мәскеу өзге елдердегі сайлауға киліккенін үзілді-кесілді жоққа шығарады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG