Accessibility links

Азаттықтың мақаласынан соң мұқтаж отбасыға депутат барды


Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова (оң жақта) бес балалы ана Әтіргүл Рахимовамен кездесіп отыр. Астана, 6 маусым 2018 жыл

Азаттықтың ішкі мигранттар туралы "Астанада жағдайың қалай, қарағым?" атты мақаласы мәжіліс депутаттарының бірін бейжай қалдырмады. 6 маусымда депутат Ирина Смирнова мақаланы жазған Азаттық тілшісіне хабарласып, кейіпкерлердің бірі - көп балалы ананың мәліметтерін алған.

Сол күні Смирнова "Нұрлы жол" вокзалының маңындағы бұрынғы саяжайлардың бірінде тұратын Естаевтар отбасына кіріп шыққан.

Кәмелетке толмаған бес баласы бар Әтіргүл Рахимова депутатқа бірнеше жыл тұрып келген жатақхана бөлмесінен саяжайға көшуге мәжбүр болғанын баяндаған. Оның күйеуі Қуандық Естаев жұмысынан шығып қалғалы бері айына 55 мың теңгелік пәтерақысын төлей алмай қалған.

Саяжайды отбасы айына 20 мың теңгеге жалға алып отыр. Әтіргүлдің сөзінше, 6 маусым күні оларды Халыққа қызмет көрсету орталығы қазіргі мекенжайы бойынша тіркемей қойған. Саяжайлардың күрелетінін айтқан. Тіркеусіз қалған отбасы жас балаларының жәрдемақысын ала алмай отыр.

Рахимова депутатқа жұмыс табу қиындығын жеткізген. Жұмыспен қамту орталығы 60 мың теңгелік жалақыдан артық қызмет ұсына алмайтынын, бұл ақшаның отбасы үшін ештеңеге жетпейтінін түсіндірген. Депутат Смирнова мұқтаж отбасыны қалада тіркеуге көмектесетінін айтып, уәде берген.

2017 жылғы қыркүйек айындағы есеп бойынша, Астанада бір миллион 10 мың адам ресми түрде тіркелген, 205 мың адам уақытша тіркеуде тұр.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNews 22.06.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:18 0:00
XS
SM
MD
LG