Accessibility links

БАҚ: Геннадий Головкин IBF белбеуінен айырылды


Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин америкалық (оң жақта) Ванес Мартиросянмен кездесуінен кейін онымен қол алысып тұр. Калифорния, 5 мамыр 2018 жыл.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин IBF (Халықаралық бокс федерациясы) тұжырымы бойынша әлем чемпионы белбеуінен айырылды. Бұл туралы BoxingScene және ESPN сайттары хабарлады. Головкинді белбеуінен айыру туралы шешім 6 мауым күні IBF тыңдауында қабылданған.

IBF бұған дейін Головкинді IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы белбеуінен үміткер украиналық Сергей Деревянченкомен кездесуін 3 тамызға дейін келісуге міндеттеген. Головкиннің командасы 23 мамыр күні өткен тыңдауда кездесу мерзімін анықтауды екінші рет ұзартуды сұраған.

IBF ережесі бойынша, белбеу иесі кездесу мерзімін анықтауды ұзарту құқығын бір-ақ рет пайдалана алады. Головкин бұл құқығын 5 мамырда америкалық Ванес Мартиросянды жеңген кезінде пайдаланған. Головкин ол кездесуінде WBA, WBC, IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын қорғап қалған. Бірақ IBF бұл жекпе-жекке санкция салып, Головкинге IBF белбеуін қорғауға рұқсат бермеген. Ұйым Головкин IBF белбеуін қорғау үшін украиналық Сергей Деревянченкомен кездесуі тиіс деген.

Оқи отырыңыз: Головкин Мартиросянды екінші раундта құлатты

Головкин IBF белбеуін 2015 жылы қазанда канадалық Давид Лемьені техникалық нокаутпен ұтқан кезде жеңіп алған.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Зеленский: Заң алдында бәрі тең мемлекет құрамыз
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:21 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG