Accessibility links

Қазақстан Спорттық арбитраж сотына шағымданды


Лондон олимпиадасында алтын алып, кейін допинг қолданды деп айыпталған қазақстандық ауыр атлет Зүлфия Чиншанло.
Лондон олимпиадасында алтын алып, кейін допинг қолданды деп айыпталған қазақстандық ауыр атлет Зүлфия Чиншанло.

Қазақстан ауыр атлетика федерациясы Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) үстінен Спорттық арбитраж сотына (CAS) шағым түсірді. Бұл туралы Халықаралық ауыр атлетика федерациясы хабарлады.

Қазақстан Халықаралық ауыр атлетика федерациясы мен Халықаралық олимпиада комитеті шығарған Токио олимпиадасына іріктеу ережесімен келіспейді.

Сәуірде Халықаралық ауыр атлетика федерациясы "2008-2020 жылдары арасында 20-дан астам допинг ережесін бұзған Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения, Әзербайжан Токио олимпиадасына тек бір ер және бір әйел спортшы апара алады" деген шешім шығарған. Бұл ережені Халықаралық олимпиада комитеті қолдаған.

Қазақстан тарабы бұл шешіммен келіспейді. CAS Қазақстанның арызын қашан қарайтыны нақты хабарланған жоқ.

Оқи отырыңыз: IWF Қазақстан ауыр атлетика құрамасын тағы жазаламақ

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы 2017 жылы кұзде допинг ережесін көп бұзған Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Ресей, Қытай, Беларусь, Украина, Түркия сынды елдерді бір жылға жарыстардан шеттеткен. Аталған елдер 2017 жылы Анахаймде (АҚШ) өткен әлем чемпионатына қатысқан жоқ. Бұл елдер 2018 жылдың қазанына дейін ауыр атлетикадан өтетін барлық жарысқа қатыса алмайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG