Accessibility links

Прагада Олег Сенцовты қолдау акциясы өтті


Прагада Олег Сенцовты қолдау акциясы өтті
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:56 0:00

Прагадағы Вацлав Гавел атындағы алаңда Ресей түрмесінде отырған украиналық режиссер Олег Сенцов пен өзге де саяси тұтқындарды қолдау акциясы өтті. Шара кезінде Сенцовты және өзге саяси тұтқындарды түрмеден босату туралы хатқа қол жинау ұйымдастырылды. "Біз, 1968 жылғы тамыздың 28-і күні Қызыл алаңдағы "Сегіздің шеруіне" қатысушылар (Павел Литвинов, Татьяна Баевова, Виктор Файнберг пен Вадим Делоненің бауыры Сергей Шаров-Делоне) бұл жолы Ресей түрмелеріндегі украин саяси тұтқындарын түгелдей бостандыққа шығармайынша аштық акциясын тоқтатпайтынын мәлімдеген саяси тұтқын Олег Сенцовқа қолдау білдіріп Прагада шеруге шықтық", - деп хабарлаған қарсылық акциясын ұйымдастырушылар. Ресейде 20 жылға сотталған украиналық режиссер Олег Сенцов Ресей түрмелерінен украиналық саяси тұтқындарды түгелдей босатуды талап етіп мамырдың 14-і күні мерзімсіз аштық акциясын бастаған. Азаттықтың Орыс қызметінің видеосы.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG