Accessibility links

Путин мен Порошенко тұтқындар мәселесін талқылаған


Украина президенті Петр Порошенко (сол жақта) мен Ресей президенті Владимир Путиннің фотоларынан коллаж.
Украина президенті Петр Порошенко (сол жақта) мен Ресей президенті Владимир Путиннің фотоларынан коллаж.

Украина президенті Петр Порошенко мен Ресей президенті Владимир Путиннің телефонмен сөйлесіп, жақын уақытта екі елдің адам құқықтары жөніндегі уәкілдері тұтқындардың жағдайымен танысатыны туралы уағдаласқаны туралы хабарланды. Кремльдің ресми сайтында жарияланған ақпаратта телефон әңгімесі Украина жағының бастамасы бойынша өткізілгені айтылған.

Украина президенті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Порошенко Ресей түрмелері мен колонияларында отырған украиналық саяси тұтқындарды тезірек босату туралы талап қойған. Ол Ресейде түрмеде жатқан Украинаның бірнеше азаматының, соның ішінде украин режиссері Олег Сенцовтың да аштық жариялап жатқанына назар аударып, олардың денсаулық жағдайларына алаңдаушылық білдірген.

Путин Украинада тұтқындалған ресейлік журналистерді тез арада босату қажеттігін айтқан.


Кремль баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі мемлекеттің президенттері маусымның 11-іне "норман төрттігі" елдері (Германия, Ресей, Украина мен Франция) сыртқы істер министрлері кездесуі жоспарланып отырғанын ескере отырып, Донбастағы жағдайды талқылаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG