Accessibility links

Кремль: Вена – Путин мен Трамп кездесуі өтуі ықтимал қала


Вена қаласындағы парламент ғимараты.
Вена қаласындағы парламент ғимараты.

Австрия астанасы АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуі ықтимал қалалардың бірі ретінде қарастырылып отыр деп мәлімдеді Кремльдің ресми өкілі.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың маусымның 9-ы күні журналистерге айтуынша, Путин мен Трамп наурыздағы телефон әңгімесі кезінде өздерінің болашақ кездесуі өтетін ықтимал орын ретінде Вена қаласын атаған.


Кремль басшысы Шанхай ынтымақтастығы ұйымы саммитіне қатысу үшіна барған Қытайдың Циндао портты қаласында Песков журналистерге «қазіргі уақытта қандай да бір нақты келісім, қайсыбір нақты түсіністік, қандай да болмасын талқылау жүріп жатпағанын» айтқан. Оның сөзінше, Путин мен Трамптың Венадағы ықтимал кездесуі туралы мәселе осы аптада Путин Австрия канцлері Себастьян Курцпен келіссөз өткізген кезде сөз болған.

Бұған дейін батыс баспасөзі Владимир Путин таяуда Австрияға барған сапарында сол елдің канцлері Себастьян Курцке биыл жазда Венада АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуін ұйымдастыруға жәрдемдесуін сұраған деген ақпарат таратқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG