Accessibility links

Берлинде Украина шығысындағы жағдай талқыланады


Донецк облысында жолда жүрген ресейшіл сепаратистер (Көрнекі сурет).
Донецк облысында жолда жүрген ресейшіл сепаратистер (Көрнекі сурет).

Германия, Франция, Ресей және Украина сыртқы істер министрлері 11 маусымда Берлинде кездесіп, Украина шығысындағы жағдайды талқылайды. "Норманд төрттігі" форматындағы жиында Донбастағы қақтығыс аймағына БҰҰ бітімгерлік миссиясын орналастыру мәселесі қозғалады деген болжам бар.

Барлық тарап БҰҰ бітімгерлік миссиясын орналастыруды қолдағанымен, миссия мандатына қатысты қарама-қайшы ұстанымда. Германия мен Франция бітімгерлік миссиясы Ресей қодайтын сепаратистер бақылауындағы барлық ауданға, оның ішінде Украина-Ресей шекарасына орналастырылуы тиіс дейді. Ресей бұл талапқа қарсы шығады.


2014 жылдың сәуірінен бері Украинаның шығысында украин әскері мен Ресей қолдайтын сепаратистер арасындағы қақтығыстан 10300-ден астам адам қаза тапқан. Қақтығысты тоқтату әрекеттерінен де әзірге нәтиже шықпай тұр. 6 маусымда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Украина шығысындағы жағдайдың ушыға бастауына байланысты "қатты алаңдаушылық" білдірген және соғысушы тараптарды 2015 жылы қабылданған бейбіт келісім талаптарын орындауға шақыратын қарар қабылдаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG