Accessibility links

БАҚ: Ким Чен Ын Дональд Трампты Пхеньянға шақырды


АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын.
АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын.

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын АҚШ президенті Дональд Трампқа кездесудің екінші кезеңін шілдеде Пхеньянда өткізуді ұсынды. Бұл туралы Оңтүстік Кореяның екі ел басшыларының Сингапурдегі кездесуін ұйымдастырушыларға жақын дереккөзіне сілтеме жасаған "Чунан Ильбо" газеті хабарлады.

Дереккөзінің мәліметінше, Ким Чен Ын Дональд Трампты оған Солтүстік Корея Еңбек партиясы төрағасының орынбасары Ким Ен Чхол арқылы беріп жіберген хатында айтылған. Дональд Трамп пен Ким Чен Ын 12 маусымда бірінші рет өтетін өтетін кездесуге қатысу үшін ендігі Сингапурге барып алды. Трамппен бірге АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мен преизденттің ұлттық бойынша кеңесшісі Джон Болтон еріп барды.


АҚШ пен Солтүстік Корея басшылары тарихта кездеспеген, тіпті телефонмен де сөйлеспеген. Кездесуде Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы басты тақырып болмақ. Вашингтон Пхеньянның ядролық қарудан толық бас тартқанын талап етеді.

Трамп бұған дейін Солтүстік Кореямен байланысты дұрыстаудан үмітті екенін мәлімдеп, Корей түбегі ядролық қарудан толық арылған жағдайда Пхеньянмен бейбіт келісімге қол қоюы мүмкін екенін білдірген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG