Accessibility links

"Кедентранссервис" компаниясы басшыларының бірі қамалды


Ғалым Мұқанов, "Кедентранссервис" ұлттық компаниясының вице-президенті.
Ғалым Мұқанов, "Кедентранссервис" ұлттық компаниясының вице-президенті.

"Кедентранссервис" ұлттық компаниясының вице-президенті Ғалым Мұқанов "пара алды" деген күдікпен екі айға қамауға алынды деп хабарлады жергілікті агенттіктер. Астана қалалық соты баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, Есіл аудандық соты 8 маусым күні Мұқановты екі айға қамауға алу туралы санкция берген. Онымен бірге компанияның сатып алуды ұйымдастыру басқармасының бастығы Дулат Уваев та "пара алды" деген күдікпен екі айға қамалған.

Ғалым Мұқанов 2017 жылдың ақпан айынан бастап компанияның өндірісті қамтамасыз ету бойынша вице-президенті болып істейді. Мұның алдында ол компанияның сатып алу жөніндегі атқарушы директоры, сатып алуды ұйымдастыру және келісімдерге мониторинг жасау басқармасының басшысы болған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Астана департаментінің басшысы Шыңғыс Қабдулла өткен аптада ұлттық компаниялардың бірнеше лауазымды басшысы "ірі көлемде пара алды" деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған еді. Ол тұтқындау туралы толық ақпарат таяу күндері жарияланатынын айтқан.

Ұлттық бюро "Кедентранссервис" компаниясы вице-преидентінің қамалғаны туралы әзірге ақпарат бермеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG