Accessibility links

Азаттықтың Түркіменстандағы тілшісіне тағы да шабуыл жасалды


Солтан Ачилова, Азаттықтың Түркімен редакциясының тілшісі.
Солтан Ачилова, Азаттықтың Түркімен редакциясының тілшісі.

Азаттықтың Түркімен редакциясының (Азатлык Радиосы) тілшісі Солтан Ачилова өткен аптаның соңында өзіне белгісіз екі адам шабуыл жасағанын хабарлады. 69 жастағы Ачиловаға шабуыл мен қоқан-лоқы бірінші рет жасалып отырған жоқ.

Солтан Ачиловаға соңғы шабуыл 9 маусымда Йолотен қаласында журналист туыстарына барған кезде жасалған. Ачилова туысының үйінен шығып, көршінің үйіне бет алғанда артынан келе жатқан көлікті байқап қалған. Ол көршісінің үйінен шыққанында велосипед мінген екі жас жігіт өзінің жолын бөгеп, өз үйлерін не себепті суретке түсіргенін түсіндіруін талап еткен. Ачилова оларға суретке ешнәрсе түсірмегенін айтқан. Бұдан соң екі адамның оны кеудесінен ұрып, журналист жерге құлаған.

Сол күні жергілікті полиция журналистің туысының көлігін тартып алып, оны Ачилова Йолотеннен кетіп, Ашғабадқа жеткен соң қайтарып беретінін айтқан. Ачилова өзі Азаттыққа материал дайындағаны үшін Йолотендегі туыстарына қысым жасалып отырғанын айтады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG