Accessibility links

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 200-ден астам сотталушыға рақымшылық жасау немесе жазасын жеңілдету туралы жарлық шығарды деп хабарлады Азаттықтың Өзбек редакциясы. "Жазасын өтеп жатқан, істеген ісіне өкініп, түзелген сотталушыларға рақымшылық жасау туралы" жарлық 12 маусым күні, мұсылмандардың Рамазан айы аяқталуға аз күн қалғанда жарияланды.

Құжат бойынша, 102 сотталушы жазадан толық босатылады, 71 адам жазасын шартты түрде өтеуден босатылады, тағы 39 сотталушының жазасы жеңілдетіледі. Бұдан өзге, 14 сотталушыға кесілген бас бостандығынан айыру жазасы қысқарады. Рақымшылық жасалғандар арасында 39 шетел азаматы және тыйым салынған ұйымдардың қызметіне қатысқан 51 адам бар.

Жарлықты іске асыру аясында жауапты министрліктер мен ведомстволарға рақымшылық жасалған адамдардың отбасы мен жақындарына оралуына, әлеуметтік тұрғыдан бейімделуіне және қоғамда өз орнын табуына жәрдемдесу тапсырылды.

2017 жылы желтоқсанда Мирзияев Өзбекстан Конституциясының қабылданғанына 25 жыл тллуына орай 2700 сотталушыға рақымшылық жасаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG