Accessibility links

Сенат сайлау туралы заңды өзгерту жобасын мәжіліске қайтарды


Парламент сенаты, Астана (Көрнекі сурет)
Парламент сенаты, Астана (Көрнекі сурет)

Қазақстан парламенті сенаты 14 маусым күні пленарлық отырысында "Сайлау туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын мәжіліске қайтарды.

Мамырдың соңында мәжіліс мақұлдаған заң жобасында мәслихат депутаттарын пропорционалды сайлау жүйесі бойынша (яғни, партиялық тізіммен) сайлау, аудан, ауыл, селолық округтердің әкімдерін тікелей сайлау өткізу арқылы жергілікті тұрғындардың сайлауы, округтік сайлау комиссияларын тарату, сайлаушылар тізімін цифрландыру мәселелері қарастырылған.

Бұған қоса, жоба интернетте үгіт-насихат жүргізу, "сайлау туралы объективті, шынайы және кәсіби деңгейде" ақпарат тарату үшін БАҚ жұмысын жүйелеу мәселелерін реттеуге бағытталған.

Сенат депутаттары заң жобасына ауыл әкімдерін тікелей сайлау жүйесін енгізуді кейінге қалдыруды ұсынып, жобаны кері қайтарды.

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заң 1995 жылы қабылданып, одан бері бірнеше рет өзгертілген. 2007 жылдан бастап парламенттің төменгі палатасы мәжілістің депутаттары партиялық тізіммен сайланып келеді.

Видео: Сайлау заңы туралы AzatNews хабары (23.05.2018)

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG