Футболдан Ресейде әлем чемпионаты басталды. 14 маусымда Мәскеуде өткен алғашқы матчта Ресей Сауд Арабиясы құрамасын 5:0 есебімен жеңді. Ойынды стадионнан 78 мың көрермен тамашалады. Матчты көргендер арасында Ресей президенті Владимир Путин және Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев та бар.
15 маусымда А тобындағы Египет-Уругвай, В тобындағы Марокко-Иран және Португалия-Испания ойындары өтеді.
Ресейдегі әлем чемпионаты 15 шілдеде аяқталады.
А тобы
Ресей – Сауд Арабиясы – 5:0 (бірінші таймда - 2:0)
Гол салғандар: Газинский, 12 (1:0). Черышев, 43 (2:0). Дзюба, 71 (3:0). Черышев, 90+1 (4:0). Головин, 90+4 (5:0).
Ресей: Акинфеев, Мариу Фернандес, Кутепов, Игнашевич, Жирков, Самедов (Кузяев, 64), Газинский, Зобнин, Головин, Дзагоев (Черышев, 24), Смолов (Дзюба, 70).
Сауд Арабиясы: Аль-Муайуф, Аль-Бураик, О.Хавсави, О.Хавсави, Аль-Шахрани, Аль-Давсари, Аль-Фарадж, Аль-Джассам, Отаиф (Аль-Муваллад, 64), Аль-Шехри (Бахбри, 72), Аль-Сахлави (Ассири, 85).
Ескерту алғандар: Головин, 88. Аль-Джассам, 90+3.
Төрешілер: Питана, Белатти, Майдана (бәрі - Аргентина).
ПІКІРЛЕР